Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт

2018 жылдың 3 қазан күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің акт залында «Ұстаздар күніне» арналған мерекелік концерт өтті. Кеш жүргізушілері Зюбан Вячеслав пен Нағашыбаева Мадина концерт басында ұлағатты ұстаздар мен кешімізге келген ардагер ұстаздарды құттықтап, 2 курс студенттері Нұрдоллаева Мақпал мен Нұрахмет Дана «Учитель мой учитель» әнімен жалғастырды. Университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбіл Еркін Аманжолұлы ортаға шығып, төл мерекесімен жиналған ұстаздардың барлығын құттықтап, марапаттау рәсіміне кірісті. Ұстаздық жолында ерінбей еңбек еткен ұстаздарға, ерен еңбегі үшін Ректор грамотасы, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрінің алғыс хаттары, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрінің Құрмет грамоталары, Қостанай облысының білім және ғылым жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының грамоталары табысталды. Мерекелік концертте әрі қарай университетіміздің «Ай Ару» би тобы «Ұйғыр биімен», Әлеуметтік-гуманитарлық факультеттің жігіттер тобы «Ана сен бақыттысың», Карахметченко Дарья «Близкие люди» әнімен, Арбада би билеуден әлем чемпионы Малика Мухтарова және «Эстель» би тобының бүлдіршіндер құрамы билерімен сахна сәнін келтірді.

Концерт соңында құрметті ұстаздар қауымын мерекелерімен шын жүректен құттықтап, егеменді еліміздің өрелі де, өнегелі перзенттерін тәрбиелеуде қажырлы қайрат, еңбектеріне жеміс тілей отырып жігітер тобы «Ұстазым менің» әнімен нүктесін қойды.

Ұстаздар күні еліміздегі қарттар күні мерекесімен тұспа-тұс келгендіктен, концертімізге келген ардагер ұстаздар назардан тыс қалмады. Мерекелік концерттен соң ардагер ұстаздарға дастархан жайылып, тілектер айтылды.

День учителя

День учителя

День учителя

День учителя

День учителя

День учителя

День учителя

День учителя

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт