Жастар жылының салтанатты ашылуы

2019 жылдың 23 қаңтары күні сағат 11:00-де Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университет акт залында, Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» көрмесі кешеніндегі «Нұр әлем» павильонында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылының ашылу салтанаты тікелей эфирден ұстаздар мен студенттер назарына ұсынылды.

«Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атауымен өткен іс-шараға Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшелері, «100 жаңа есім» байқауының жеңімпаздары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, «Дарын» сыйлығының иегерлері, жас ғалымдар, шығармашылық, студенттік және жұмысшы жастар өкілдері, жас спортшылар, дарынды балалар, заманауи медиа саласының өкілдері, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түлектері, ерекше қажеттіліктері бар жастар, жас әскери қызметкерлер қатысты.

Елімізде мемлекеттік жастар саясатын жан-жақты қолдау мен жүзеге асыруға бағытталған ауқымды іс-шара әнұранның жанды дауыспен орындалуымен басталды. Шара барысында жас қазақстандықтар жүзеге асырған табысты жобалар мен жаңа өнімдердердің таныстырылымы өтті. Спикерлер ретінде түрлі салаларда жетістіктерге жеткен жас қазақстандықтар баяндама жасады.

Елбасы жастарға қазіргі таңға дейінгі қазақ елінің осы бейбіт өмірге жеткен тарихы мен жетістіктеріне тоқталды. Жастардың стартап-жобаларын қолдау қорын ашу керектігін айтып, негізгі назар студенттер мен еріктілер қатарына бөлінді. Осылайша, «Жастар жылының» ашылу салтанаты қарқынды бастау алды. Енді жастардан алға қойлыған мақсаттар жүзеге асады деген сенімдеміз. Көрсетілімнен керемет әсер алған студенттер инстаграмм парақшаларында төмендегі хэштегтермен бөлісті. Хэштегтер: #мылучшие, #ЭтоМойГород, #ЯиПрезидент, #Елбасыменбірге, #МыбудущееКазахстана, #молодежьрулит, #ЖастарKZ, #qazjastary, #ЖастарАлға, #жастар19, #молодежь2019, #ЕЛІМҮШІМ.

-

-

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар Жастар жылының салтанатты ашылуы