«Бизнес-ментор» тақырыбында өткен семинар

2019 жылдың 13 ақпанында Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеттің конферец-залында «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен, бизнес саласында көптеген жеңістікке жеткен кәсіби бизнес-ментор Пирог Игорь Анатольевичпен кездесу өтті.

Кездесу басында қонағымыз бизнес-ментор түсінігін талқылап, оның негізгі міндетіне тоқталды. Кәсіпкерлік саласында бизнес-ментор болу – бұл жаңа құбылыс. Батыста бизнес-менторлар – яғни тәжірибелі кәсіпкерлермен ынтымақтастық кең таралған тәжірибе, себебі бұл стартап-даму барысында да үлкен көмек, дұрыс бағдар береді. Ментордың басты мақсаты – тәлімгерлік. Жаңа бастаған кәсіпкерге оның қателіктері туралы ескертетін, сараптамалық баға беретін, дамудың дұрыс бағытын ұсынатын және бизнесте өзін қалай табуға болатындығын анықтайтын тәжірибелі тәлімгердің пікірі артық болмайды. Ментор жасалған жұмысты бағалайды және оның кемшіліктерін көрсетеді. Стартаперлер көбінесе болатын мәселелердің алдын ала алмайды, шешімін табу жолдарында қателеседі. Сондықтан ментордың көмегі бизнес саласына жаңа қадам басқан кәсіпкерлер үшін ауадай қажет.

«Бизнес –ментор» семинары барысында студенттер қызығушылық танытып, бизнес саласында маңызды ақпараттар алып, көкейтесті сұрақтарын қойып, мардымды жауап алды.

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар «Бизнес-ментор» тақырыбында өткен семинар