«Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Қ.Н.Жаримбетовамен кездесу

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ҚМПИ-нің ұйымдастыруымен аймағымыздың көптеген маңызды тұлғаларымен кездесулер өткізіліп жатыр.

2017 жылдың 8 желтоқсан күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі, «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» номинациясы жеңімпазы Жаримбетова Назира Қыпшақбайқызымен кездесу өтті. Кездесу мақсаты – фото және видео материалдармен жұмыс жасау бойынша мастер-класс өткізу.

Біздің қонағымыз студенттерге видеотүсірілім негіздерін, газетке мақала дайындау әдістері мен фото жасау ережелерін айтып кетті. Студенттерге газетке мақала жазу үшін материалдар жинау мен дайындаудың, ойды жинақтау мен текст жазудың әдіс-тәсілдері ұсынды. Жаримбетова Н.Қ. журналистика саласындағы өз жетістіктері, саладағы шығармашылық қызметінің ерекшелігі, өмір жолында болған қызықты сәттері туралы да айта кетті. Студенттер қызыға тыңдап, өз сұрақтарына толықтай жауап алды.

08-12-17

08-12-17

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Қ.Н.Жаримбетовамен кездесу