ҚР Тәуелсіздің күніне арналған мерекелік концерт
- Подробности
- Опубликовано: 12 декабря 2017
2017 жылдың 12 желтоқсанында Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармония ғимаратында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ұжымы үшін филармония әртістерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған мерекелік концерт өтті. Залда ҰОС тыл еңбеккерлері, педагогикалық еңбек ардагерлері, ғалымдар, институттың ұстаздары мен студенттері болды. Басы ҚМПИ ректоры м.а., педагогикалық ғылым кандидаты Г.А. Мусабекованың құттықтау сөзімен басталды.
Концертте «Мәдениет қайраткері» Н.Молдахметовтің бастауымен қазақ ұлттық аспаптар оркестрі, аймақтың танымал әншілері, Халықаралық және Республикалық сайыстардың жеңімпаздары Г.Абдуллина, К.Жакаева, С.Абилев, М.Қадыров, И.Карапецкий, Г.Усенова өнер көрсетті. «Алтынай» би тобының хореграфиялық композициясы, «Славянской песни» ансамбльі, «Нью бойз» вокал квартеті өнерлерін ортаға салды. Бұл институт ұжымына арналған, ерекше форматтағы концерт болды. Көрермендер әртістерге қошеметтерін аямай, алғыс ретінде гүлдер сыйлады.