Белсенді студенттердің көшбасшылық қасиетті арттыру мақсатында өткен семинар-тренинг есебі

2017 жылдыі 30 қараша күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының А-205-ші аудиториясында, институт студенттері Ассамблеясының бастамасымен белсенді студенттердің көшбасшылық қасиеттерін арттыру мақсатында семинар-тренинг өтті. Тренинг мақсаты: топтағы қатысушылардың жеке қасиеттерін ашу. Көшбасшы – топтағы аса маңызды жағдайларда, басқаларға соны орындататын шешім қабылдай алатын топ мүшесі. Яғни, топтың барлық мүшелерінің қызығушылығын оятатын және қызметінің бағытын анықтай алатын шешім қабылдау қабілеті бар адам.

Тренинг Қостанай облысының Армян қауымының, Қазақстан халқының облыстық Ассамблеясының және Армения Республикасының Диаспора Министрлігінің белсенді қайраткері, Қостанай облысының қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі, Армян жастары бірлестігінің басшысы, «Eritasard erkrapa» жастар кеңесінің мүшесі, Армян жастарының бүкіләлемдік «WOSTAYN» ұйымының мүшесі және Қостанай облысы жастарының Алтын кітабының «Жас көшбасшы» номинациясы бойынша Лауреаты Рач Мартиросянның қатысуымен өтті. Семинар барысында студенттер көшбасшылықты дамытатын түрлі тәсілдеріне үйреніп, әр топ түрлі ойындар мен жаттығулар жасады.

-

-

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар Белсенді студенттердің көшбасшылық қасиетті арттыру мақсатында өткен семинар-тренинг есебі