АЛАУ телерадиокомпаниясында қонақта
- Подробности
- Опубликовано: 16 января 2018
2018 жылдың 16 қаңтар айында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Жастар және студенттер ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімнің маманы Есімханов Қуаныш Дауылбайұлы мен белсенді студент, ҚМПИ Жастар Медиа орталығының басшысы, 2 курс студенті Нұрышева Меруерт, қаламыздағы «Алау» телерадиокомпаниясының «Өмір ағымы» бағдарламасында, тікелей эфирде қонақта болды.
Бағдарламада студенттердің қазіргі таңдағы белсенділігі, студенттік ұйымдардың жұмысы, ҚМПИ қабырғасында студенттермен жұмыс барысы және алға қойылған жоспарлар жайлы әңгіме үрбіді. Елбасының «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындау аясында қандай жұмыстардың жасалып жатқаны да айтылып кетті. Бағдарлама соңында Есімханов Қуаныш Дауылбайұлы мен Нұрышева Меруерт барлық студенттерді белсенді болуға шақырып, қайта келмес студенттік өмірді тартысты, қызықты өткізуге шақырды.