Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы
- Подробности
- Опубликовано: 07 декабря 2017
2017 жылдың 7 желтоқсан күні Қостанай қаласының Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармониясында облыс әкімі Мухамбетов Архимед Бегежанұлының қатысуымен Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 сессиясы өтті. Сессияның негізі тақырыбы, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру. Болашаққа бағдар» бағдарламасын қолдау аясында басталды. Алғашқы сөзді бастаған облыс әкімі Мухамбетов Архимед Бегежанұлы да осы бағдарламаның болашаққа деген жарқын жол екендігін тілге тиек етті.
Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысы Шуленов Мәжит Мақсұтұлы биылғы жылды қорытындылай келе, келер жылға қойлыған мақсаттарды да айта кетті.
Өз баяндамаларымен бірінші, ұстаз Немичинова Г.И. қазақ әліпбиінің латын әліпбиіне ауысының тиімділігі туралы айта кетсе, ҚМУ баспасөз хатшысы Чечеткина А.С. барлығын қазақ тілінде сөйлеуге шақырды.
Сессия «Бірлік» алтын медаль иегерлерін, құрметті азамат атағына ие болғандарды марапаттап, алғыс хаттар тапсырумен аяқталды. Сессияға біздің институт студенттері де әр халық ұлттарының ұлттық киімін киіп, бірлік пен ынтымаққа шақыратын керемет кештің қуанышы болды.