«Туған жер» Облыстық фестивальі

Қазақстан халқы Ассамблеясы - заңды тұлға құрылмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, басты міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылатын мекеме.

2017 жылдың 8 желтоқсан күні Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда Қазақстан халқы Ассамблеясының 25-ші сессиясына арналып «Туған жер» атты облыстық фестиваль өтті. Құттықтау сөзімен Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Аккужина Б.Б. сессияны бастады. Фестиваль барлық аумақтардың басын қосты. Мерекелік сахнада Қостанай облысының танымал әртістері өнер көрсетті. Қостанай мемлекеттік педагогоикалық институтының Қазақстан халы студенттер Ассамблеясының өкілдері де бұл ауқымды іс-шараға қонақ болды. Іс-шара қызықты әрі ерекше өтті. Көрермендер көпұлтты Қазақ елі халқының өнері мен шығармашылығынан эстетикалық ләззат алып қайтты.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар «Туған жер» Облыстық фестивальі