«Студенттік ару-2017»
- Подробности
- Опубликовано: 03 декабря 2017
2017 жылдың 3 желтоқсан күні «Дионис» ойын-сауық кешенінде «Студенттік ару-2017» байқауы өтті. Байқауда Қостанай облысы ЖОО, колледждерінің сұлу да талантты студент қыздары бағын сынады.
Біздің институт атынан: Жаратылыстану-математика факультетінің 2 курс студенті Умбетова Динара мен Психология-педагогика факультетінің 2 курс студенті Нұрахмет Дана қатысты. Қыздар 3 қараша күні ҚМПИ акт залында өткен кастингте іріктеліп алынған болатын.
Байқау бес турдан тұрды: 1 тур – таныстыру, 2 тур – карнавал костюмінде дефиле, 3 тур – ұлттық костюмде дефиле, 4 тур – шығармашылық конкурс, 5 тур – кешкі киім үлгісі. Қатысушылар өз білімімен, таланты мен интелектуалдық сапа, әрине сұлулығынмен көрермендерді таң қалдырды. Бұл көлемді байқауда «Студенттік ару-2017» атағын Жаратылыстану-математика факультетінің 2 курс студенті Умбетова Динара иеленді. Психология-педагогика факультетінің 2 курс студенті Нұрахмет Дана «Мисс Шарм» номинациясын қаншығаға байлады.