Қазақстанның Еңбек Ері А.Ж. Тұрсыновпен кездесу
- Подробности
- Опубликовано: 08 декабря 2017
2017 жылдың 8 желтоқсан күні біздің институт қабырғасында, тек қана Қостанай облысы емес барлық Қазақстанға танымал тұлға, қазақ кәсіпкері, ойлап табушы, ауыл шаруашылығы өндірісінің ұйымдастырушысы, ҚР Президенті жанындағы ұлттық инвесторлар Кеңесінің мүшесі (2007-2011), «ТПК «Карасу» ЖШС бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері (2016), Қостанай облысы меценаттар клубының мүшесі - Тұрсынов Алмат Жанәбілұлымен кездесу өтті .
Алмат Жанәбілұлы 1966 жылдың 17 қаңтарында года Қостанай облысының Қарасу ауылында дүниеге келіп, сол жердің орта мектебін бітіреді. С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін тәмамдап, 2000 жылы – Қазақ мемлекеттік басқарма академиясын «Халықаралық экономилық қатынастар» мамандығы бойынша аяқтайды.
Қонағымыз Алмат Жанәбілұлы өзінің 1989 жылы Қарасу жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде жаттықтырушы ретінде бастау алған еңбек жолын баяндап берді. Бір жылдан кейін ол комбайыншы, Тюнтюгур ауылында инженері қызметін атқарады.
1991 жылы – Қарасу ауданы жастар бастамасы Қорының төрағасының орынбасары, «Жастар» шағын кәсіпорынының директоры, 1996 жылы - «Карасуское» АТК АҚ бас директоры. 1999 жылы - «Карасу» АШҚ президенті, 2002 жылдан бастап ауыл шаруашылық өндіріспен айналысатын - «Карасу» ӨСК» ЖШС бас директоры.
Алмат Жанәбілұлы еліміздің дамуына зор үлес қосты. 1999 жылы ол егіншіліктің технологиялық процесін жаңғыртып, жаңа бағдарлама құрды. Топырақты механикалық өңдеу орнына химиялық жұп пайдалану тәжірибесін жасады.2008 жылдан бастап құрғақшылық жағдайда да егістікті қадағалайтын, астық дақылдарын өсіру бойынша нөлдік технологияны жүзеге асырды. Ол "Астық дақылдарын буланған және тыңайған жерде өсіру тәсілі" еңбегінің авторы.
Кездесу барысында ҚМПИ студенттері түрлі сұрақтар қойды: Еңбек Ері атағына сіздің жолыңыз? Елбасы Н.Ә.Назарбаевпен кездесу кезіндегі сіздің алғашқы әсеріңіз? Тәуелсіздің сізді несімен қуантты?. Осы іспетті сұрақтарға қонағымыз өте қызық ақпарттарды тілге тиек ете, студенттерді жақсы оқуға, ісіне берік болуға, белсенді өмір мен денін сау ұстауға ынталандыра жауап берді. Кездесу жақсы сенімді атмосферада өтті. Кездесуде факультеттердің ПМҚ, декандар, кафедра меңгерушілері, студенттер қатысты.