2016 жылғы қаңтар айында «Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам – Ұлт Жоспарын» орындаудың практикалық кезеңі басталды. Экономика мен жалпы қоғамның дамуы үшін жаңа құқықтық орта құратын 59 заң қабылданды. Бес реформаның әрқайсысы бойынша іс-қимылдың «жол картасы» жасалды. 2016 жылғы 29 қаңтарда Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласын талқылау бойынша кезекті кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға «Еркін пікір» ақпараттық-насихаттау тобының мүшесі Д.Қалиев пен ҚМПИ психология-педагогика факультетінің студенттері қатысты.

Бейбітшілік пен келісім – «Мәңгілік ел» идеясының негізі. 2016 жылғы 29 қаңтарда ф.ғ.к., доцент З.У.Карбенованың жетекшілігімен филолог-студенттер үшін өткізілген «Қайырымдылықты адам адамнан ғана үйренеді» брифинг сабағының басты тақырыбы көп этникалық ортада бейбіт өмір сүріп, еңбек ету, игілікті қарым-қатынас қалыптастыру, толеранттылық секілді түсініктер болды. Сабақ уақытында түрлі арналардың тілшілері болып жұмыс істеген студенттер қазақстандық ұқсастық, әлем адамы және жаңа үлгідегі қазақстандық азамат дегеніміз кім тәрізді сұрақтарға жауап таба білді.

2016 жылғы 21 қаңтарда ҚМПИ Әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі басқармасының бастамасымен мәжіліс залында институттың белсенді студенттері «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Ерлан Тулетаевпен кездесті. Кездесу барысында Қостанай облыстық жастар саясатын жүзеге асыру жұмыстарының басты бағыттары жайлы айтылды.

2016 жылғы 20 қаңтарда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Қостанай қаласының бастамашы жастар орталығымен бірлесіп, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне көмек ретінде «Себебі, біз жаныңыздамыз» акциясын өткізді. Бұл күні институт студенттері мен орталық волонтерлері Красный партизан ауылының тыл еңбеккері Владимир Михайлович Пугачукқа көмектесті. Орталық волонтерлері – ҚМПИ студенттері зейнеткердің қар астында қалған үйінің ауласын тазартып, қол ұшын беріп қайтты.

2015 жылдың 14 желтоқсанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Институт ректоры, профессор Қ.Баймырзаев мерекемен құттықтап, сөз сөйледі. Мерекеге орай институт қызметкерлері мен оқытушылары ректордың Құрмет грамотасы және медалімен марапатталды.

2015 жылғы 9 желтоқсанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай институт факультеттерінің арасында «Менің Қазақстаным» атты дәстүрлі көркемөнерпаздар байқауы өтті.

27-30 қараша аралығында бекітілген тәрбие жұмысы жоспары мен ақпараттық-насихаттау тобының жұмыс кестесіне сай институтта Тұңғыш Президент – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев күніне орай іс-шара ұйымдастырылды. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының факультеттерінде «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» тақырыбында сабақтар өткізілді.

Қараша айынының 28-29 жұлдызында Қостанай мемлекетттік педагогикалық институтының қабырғасында «Парасат» пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған ҚМПИ ректоры кубогі үшін облыстық пікірсайыс турнирі болып өтті. Жалпы турнирде облыс аумағы бойынша 20 команда қатыстып өзекті мәселелер талқыланды. Турнирде жүлделі орындарды келесі командалар иеленді: І-орын - «THE Champions» командасы Қабай Манар, Қуандық Байболат Ш.Қабылбаев атындағы ІІМ-ң қостанай академиясы.

2015 жылғы 17 қарашада Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында институт факультеттері арасында жайдарман фестивалі өтті. 2015-2016 оқу жылынан институттың әр факультетінде екі тілде жайдарман командалары құрылды. Фестивальда командалар 1/8 финалы ойынынан бастады.

2015 жылдың 5-19 қазанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының тарихи мұражайында бірінші курс студенттері үшін экскурсия өткізілді. Мұражай меңгерушісі Г.А.Карина студенттерді мұражай экспонаттарымен таныстырды, институт дамуының жекелеген кезеңдерін көрсететін материалдар орналастырылған мұражай стендтері мен көрмесіне назарларын аудартып, институт тарихы, профессорлар, ардагерлер, оқытушылар мен студенттердің жетістіктеріне арналған стендтерді көрсетті

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар