Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласын талқылау жөніндегі кездесу
- Подробности
- Опубликовано: 29 января 2016
2016 жылғы қаңтар айында «Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам – Ұлт Жоспарын» орындаудың практикалық кезеңі басталды. Экономика мен жалпы қоғамның дамуы үшін жаңа құқықтық орта құратын 59 заң қабылданды. Бес реформаның әрқайсысы бойынша іс-қимылдың «жол картасы» жасалды. 2016 жылғы 29 қаңтарда Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласын талқылау бойынша кезекті кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға «Еркін пікір» ақпараттық-насихаттау тобының мүшесі Д.Қалиев пен ҚМПИ психология-педагогика факультетінің студенттері қатысты.