Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шара

30.11.1527-30 қараша аралығында бекітілген тәрбие жұмысы жоспары мен ақпараттық-насихаттау тобының жұмыс кестесіне сай институтта Тұңғыш Президент – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев күніне орай іс-шара ұйымдастырылды. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының факультеттерінде «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» тақырыбында сабақтар өткізілді. Мемлекеттік тілде білім алып жатқан студенттер үшін Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушыларымен «Ұлтты ұлықтаған тұңғыш Елбасы» тақырыбында дәрістер топтамасы дайындалып, Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатындағы Елбасының рөлі, Президенттің Қазақстан халқына жолдауы қарастырылды. Сонымен қатар факультеттерде студенттерге «Елбасы жолы» атты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы фильм көрсетілді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шара