Мұражайға экскурсия

museum-19.10.152015 жылдың 5-19 қазанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының тарихи мұражайында бірінші курс студенттері үшін экскурсия өткізілді. Мұражай меңгерушісі Г.А.Карина студенттерді мұражай экспонаттарымен таныстырды, институт дамуының жекелеген кезеңдерін көрсететін материалдар орналастырылған мұражай стендтері мен көрмесіне назарларын аудартып, институт тарихы, профессорлар, ардагерлер, оқытушылар мен студенттердің жетістіктеріне арналған стендтерді көрсетті. Сонымен қатар халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық жайлы да әңгімелеп берді. Мұражайға келушілердің назарын институт педагогтері ұжымының өмірі мен қызметі көрсетілген стендтер ерекше қызықтырды. Онда институт ғалымдарының ғылыми жұмыстары, фотосуреттер, өнетабыстық ұсыныстар туралы авторлық куәліктер, патенттер, медальдар, дипломдар, мақтау қағаздары және алғыс хаттары көрсетілген. Сондай-ақ студенттер «Құрметті қонақтар кітабы», «Қонақтар кітабы» және «Институттың құрмет кітабы» атты 3 альбоммен танысты. Әсіресе институтымыздың макеті студенттердің зор қызығушылығын тудырды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз