ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған іс-шара
- Подробности
- Опубликовано: 14 декабря 2015
2015 жылдың 14 желтоқсанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Институт ректоры, профессор Қ.Баймырзаев мерекемен құттықтап, сөз сөйледі. Мерекеге орай институт қызметкерлері мен оқытушылары ректордың Құрмет грамотасы және медалімен марапатталды. Сонымен қатар белсенді студенттерге де грамоталар тапсырылып, ақшалай сыйлықтар берілді. Іс-шара барысында 2015 жылғы 9 желтоқсанда өткен көркемөнерпаздар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтіп, байқау қорытындысы бойынша қазақ және орыс филологиясы факультеті 1-орын, шетел тілдері факультеті 2-орын, психология-педагогика факультеті 3-орынға ие болды. Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.
Фотогалерея