Көркемөнерпаздар байқауы
- Подробности
- Опубликовано: 09 декабря 2015
2015 жылғы 9 желтоқсанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай институт факультеттерінің арасында «Менің Қазақстаным» атты дәстүрлі көркемөнерпаздар байқауы өтті.
Байқау мақсаты: Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу және "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» басты ережелерін жүзеге асыру. Концерттік бағдарлама келесі номинациялардын тұрды: Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін міндетті түрде орындау, аспаптық орындау, вокалдық орындау, хореографиялық қойылым, көркем сөз оқу, ерекше жанр. Әділ қазылар алқасы байқауға қатысушыларды келесі критерийлер бойынша бағалады: регламентті сақтау (10-15 минут), көпшіліктің қатысуы, жалпы ұйымдастырылуы, режиссура, орындау шеберлігі, сырт келбеті, бағдарлама тақырыбының ашылуы. Қазылар алқасының шешімімен номинациялар мен жүлделі орындар бойынша жеңімпаздар анықталып, 2015 жылғы 14 желтоқсанда марапатталатын болады.
Фотогалерея