Флешмоб конкурсы
- Подробности
- Опубликовано: 26 сентября 2016
2016 жылғы 26 қыркүйекте Қостанай қаласының Сити орталығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Министрлігінің Қостанай облыстық департаменті Білім басқармасы, Жастар саясаты мәселелері басқармасы және Қостанай қаласы әкімдігімен бірлесе отырып, мемлекеттік қызмет мәртебесін көтеруге бағытталған «Мемлекеттік қызмет – менің таңдауым» эгидасымен облыстық флешмоб конкурсын өткізді. Конкурсқа ЖОО, колледж студенттері, жастар қоғамдық бірлестіктері және бастамашыл топтар, сонымен қатар Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері – барлығы 11 команда қатысты. Облысымызда алғашқы рет өткізіліп отырған флешмоб қала тұрғындары үшін тосын сый болды.
Фотогалерея