ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған

2016 жылғы 24 қарашада Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік - тұғырым» байқауының жалғасы өтті. Байқау мақсаты: хореографиялық өнер арқылы студент жастардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру; Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау және дамыту; жастарды өнерге, поэзияға баулу, олардың шығармашылық өсуі үшін жағдай жасау. Байқау «хореография» және «поэзия» номинациялары бойынша өтті.

«Хореография» номинациясы 2 турдан тұрды: байқау тақырыбына байланысты сюжеттік қазақ биін орындау 1 туры бойынша филология факультеті 1 орынға ие болса, 2 орын жаратылыстану-математика факультеті, 3 орынды психология-педагогика факультеттері еншіледі. «Еркін жанр» - факультеттің қалауымен би композициясын орындау 2 туры бойынша психология-педагогика факультеті үнді биімен 1 орын, дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті 2 орын, жаратылыстану-математика факультеті 3 орынға ие болды.

«Поэзия» номинациясы бойынша қатысушылар өздерінің шығарған туындыларын оқып, жүлделі орындар төмендегідей бөлінді: 1 орын – «Еңсесі биік еркін ел!» өлеңімен «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығының 4 курс студенті Гүлдана Бұхарбаева; 2 орын – «Менің елім – мәңгілік ел» өлеңімен «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығының 3 курс студенті Сырым Жанжигитов; 3 орын – «Я патриот своей страны» өлеңін оқыған «Дефектология» мамандығының 1 курс студенті Мария Кузина.

Әділ қазылар құрамында педагог-хореограф, Қостанай қаласы №17 орта мектебінің балалар хореографиялық ұжымының жетекшісі Андрей Геннадьевич Круглов, №3 түзету мектеп-интернатының педагог-хореографы Ксения Юрьевна Нечупий, ҚМПИ мәдени-көпшілік және тәрбие жұмысы бөлімінің хореографы Светлана Сергеевна Бабич, облыстық Халық шығармашылығы көркемөнерпаздар орталығының бөлім меңгерушісі Достияр Балыкбаев, ақын, облыстық Халық шығармашылығы көркемөнерпаздар орталығының көркемдік жетекшісі Салтанат Утельбаева болды. Байқау соңында жеңімпаздарға грамоталар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Фотогалерея

24.11.1624.11.1624.11.1624.11.1624.11.1624.11.1624.11.1624.11.1624.11.1624.11.1624.11.1624.11.1624.11.1624.11.1624.11.1624.11.1624.11.1624.11.1624.11.1624.11.1624.11.1624.11.1624.11.1624.11.1624.11.1624.11.1624.11.1624.11.1624.11.16

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған