Вокалдық-аспаптық конкурс

2016 жылғы 23 қарашада Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік - тұғырым» көркемөнерпаздар байқауы өтті. Байқау мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанымыздың басты жетістіктерін насихаттау, студенттер бойында патриоттық тәрбиені, шығармашылық белсенділікті дамытып, жаңа таланттарды ашу. Байқау екі номинация бойынша өтті: вокалдық және аспаптық орындау. Байқауға институт қызметкерлері мен оқытушылар, студенттер қатысты. Вокал номинациясы бойынша 23 адам, аспаптық орындау номинациясы бойынша 9 қатысушы өнер көрсетті. ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Ақжелең» фольклорлық ансамблінің жетекшісі Назымбек Молдабекович Молдахметов, облыстық филармония мен «Мирас» фольклорлық ансамблінің әншісі, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Күнсулу Ануарбековна Жакаева, жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының маманы Асем Идрисова байқауға төрешілік жасады. Әділ қазылар алқасы қатысушыларды регламентті сақтау (20 минут), жалпы ұйымдастырушылық, режиссура; орындау шеберлігі; сырт келбеті, байқау тақырыбы критериялары бойынша бағалады.

Вокалдық орындау номинациясы бойынша «Музыкалық білім» мамандығының 2 курс студенті Жансұлу Бозанова «Ізін көрем» әнін орындап, байқау жеңімпазы атанса, 2 орын «Толғау» әнін орындаған «Дефектология» мамандығының 1 курс студенті Дана Нурахметтің қанжығасына бұйырды, 3 орынды «Самға» әнімен «Музыкалық білім» мамандығының 2 курс студенті Бекзат Жалғас еншіледі. Аспаптық орындау номинациясы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді: 1 орын – «Аққу» күйін орындаған «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығының студенті Жасұлан Намиялы; 2 орын – «Ерке сылқымды» орындаған жаратылыстану-математика факультетінің фольклорлық ансамблі; 3 орын – «Балбырауын» күйімен «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 3 курс студенті Алена Кравцова. Жеңімпаздарға грамоталар мен сыйлықтар тапсырылып, қалған қатысушыларға қатысқаны үшін грамоталар табыс етілді.

Фотогалерея

23.11.1623.11.1623.11.1623.11.1623.11.1623.11.1623.11.1623.11.1623.11.1623.11.16-konk vocal m1023.11.1623.11.1623.11.1623.11.1623.11.1623.11.1623.11.1623.11.1623.11.1623.11.1623.11.1623.11.1623.11.1623.11.1623.11.1623.11.16

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар Вокалдық-аспаптық конкурс