Отбасы күні
- Подробности
- Опубликовано: 27 октября 2016
27 қазанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Халықаралық отбасы күніне орай отбасын құрған студенттер арасында «Мерейлі отбасы» іс-шарасы өткізілді. Конкурсқа екі отбасылы жұп: тарих және өнер факультетінің музыкалық білім мамандығының 4 курс студенті Гүлнұр Жақсылықова және Еркебұлан Олжабаев, психология-педагогика факультеті дефектология мамандығының 1 курс студенті Мария Кузина және жұбайы Дмитрий Петрович Кузин қатысты. Конкурс 4 кезеңнен тұрды: 1 тур – өз отбасы жайлы презентация жасау; 2 тур – «Дәстүр»; 3 тур – «Аспаздық шеберлік», 4 тур – «Отбасылық хобби – біздің талантымыз». Регламент бойынша әр тур үш минуттық уақыттан аспай, 5 балдық жүйемен бағаланды. Конкурс қорытындысы бойынша Гүлнұр Жақсылықова мен Еркебұлан 1 орынды иеленсе, Мария Кузина мен Дмитрий Кузин 2 орынды иеленді. Жеңімпаздарға грамоталар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.