Имам студенттермен кездесті.

24.10.12Қазан айының 17 жұлдызында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ұйымдастыруымен бір топ белсенді студенттермен ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша бас имамы Ораз Серікбай Сатыбалдыұлының кездесуі өтті.

Кездесуде имам дін тақырыбында жан-жақты насихаттар айтып, әсіресе, қоғамда көбейіп кеткен теріс ағымдардың белгілері, діни сайттар және экстремистік топтар мәселелері кеңінен талқыланды. Имам студенттерге жастар арасында түрлі қылмыстар, ұрлық-зомбылық, арақ-шарап, темекі, зинақорлық секілді кесапат күнәлар тақырыбында уағыз-насихат айтты. Оларды Алланың ақ жолына, зиянды істерден аулақ жүруге шақырды.
Студенттер бас қосқан жиында шәкірттер тарапынан да сауалдар қойылып, оларға имам толыққанды жауап берді.
 
 
24.10.2012

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар Имам студенттермен кездесті.