Шағын футболдан ҚМПИ ЖІБК ең үздік!
- Подробности
- Опубликовано: 22 мая 2013
Мамыр айының 22-ші жұлдызында ҚМПИ спортзалында, Қостанай облысы әкімшілігі Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Елімнің тағдыры - менің тағдырым» атты қайрылымдылық мини-футбол жарысы өтті. Жарыс 1 маусым балалар құқығын қорғау күніне орай ұйымдастырылды. Жарысқа Қостанай облысының белді жастар ұйымдарының командалары қатысты. Оның ішінде:
1. «Нұр Отан» ХДП Жас Отан ЖҚ
2. Қостанай студенттер альянсы
3. ҚМПИ студенттер кәсіподақ ұйымы
4. ҚМПИ жастар ісі жөніндегі комитеті
5. Қостанай қаласының «Жасыл ел»
6. Қостанай жастар маслихаты
7. «Парасат» дебат клубы
Жарыстың ашылу салтанатында ҚМПИ әлеуметтік-тәрбие жұмысы басқармасының бастығы С.Ә. Жақаева, ҚМПИ мәдени-бұқаралық бөлімінің бастығы Б.Н.Қалиев, Қостанай облысы әкімшілігінің Ішкі саясат басқармасының бас маманы З.Г.Кокжанова, Қостанай қаласы әкімшілігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, спорт шеберіне үміткер Бахтияр Ескендировтер сөз алды.
Жарыс қорытындысы бойынша:
1 орынды ҚМПИ жастар ісі жөніндегі комитеті
2 орынды «Нұр Отан» ХДП Жас Отан ЖҚ
3 орынды ҚМПИ студенттер кәсіподақ ұйымы иеленді.
Жарыс қорытындысы бойынша:
1 орынды ҚМПИ жастар ісі жөніндегі комитеті
2 орынды «Нұр Отан» ХДП Жас Отан ЖҚ
3 орынды ҚМПИ студенттер кәсіподақ ұйымы иеленді.