Георгий лентасы – ардагерлерге деген құрметтің нышаны

12.04.2013Жыл сайын «Жеңіс күні» мерекесінің қарсаңында үлкен-кішіге «Георгий лентасы» таратылды. Бұл жылы да «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырылып жатқан іс-шараға Қостанай мемлекеттік педогогикалық институтының студенттік «Өзек» клубының мүшелері ат салысты.
Георгий лентасы – бұл жай ғана қара-сары жолақты лента ғана емес. Ол - жауынгер ерлігінің нышаны. Ол - жас ұрпақтың ата-баба рухына тағзым-тағылымы. Ол – өткен күндерді еске алу белгісі.
Іс-шараның негізгі мақсаты біріншіден, Отан соғысына қатысып, жеңіске жетуге септігін тигізген ардагерлерді еске алып, оларды ардақ тұту болса, екіншіден қоғам назарын ардагерлер мәселесіне аудару болып табылады. Ерікті жандар мереке қарсаңында таратқан лентаны алып, оны шара талаптарына сай көлік антеннасы не сөмке бауына, қол не кеудеге тағып қойылды. Іс-шара саяси және коммерциялық мақсаттарды көздемейді. «Георгий ленталары» саудаға түспей, тегін таратылды.

«Біз, қазақстандықтар, ардагер әже-аталарымыздың ерлігін ұмытпауға тиістіміз. Оларды еске алып, алғысымызды білдіріп, құрмет көрсетуге міндеттіміз. Кеңес әскерінің құрамында болған қазақстандық жауынгерлер соғысқа қатысып, өз өмірлерін жеңіс үшін пида етті. Басты мақсатымыз - қоғамға ой тастау, ардагерлерг ежәрдемдесу, бұл мерекенің біз үшін аса маңызды екенін көрсету. Іс-шараға қатысуға бір қатар мекемелер, орта мектептер, жоғары оқу орындары құлшыныс білдіруде»

Жанна Тынымбаева, руководитель ПЦ КДМа
Начальник КДМа Саят Шаймурунов

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар Георгий лентасы – ардагерлерге деген құрметтің нышаны