Социалистік Еңбек Ерімен кездесу

07.03.2013ҚМПИ студенттері халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында аты аңызға айналған әйгілі Камшат апа Дөненбаевамен кездесті.
Кәмшат апаның есімі жарты әлемге белгілі десек артық айтандық емес. Темір тұлпарды ерттеп мініп дала жыртқан тұңғыш қазақ қызы. Социалистік Еңбек Ері, КСРО Жоғары Кеңесінің IХ– XI шақырылымдарының депутаты, КОКП XXV-XXVII съездерінің делегаты. Сондай-ақ, екі Ленин орденінің кавалері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Бүгінгі күні Камшат апа асыл ана, ардақты әже.
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сауалдарын Камшат апаға қойып, жауабын қызыға тыңдады. Камшат апа даладағы ауыр жұмыспен үйдегі ошақтың түзу жануын бірге алып жүрген өз өмірінің қиын-қыстау кездерінен сыр шертіп, бүгін сол бейнеттің зейнетін көріп отырғанын жеткізді.
Өскелең ұрпақ үшін бұндай кездесулердің маңызы зор. Сондықтанда институт ұжымы Камшат апамыз секілді еңбегімен еленген, жастарға үлгі болар ел азаматтарымен кездесулер өткізуді дәстүрге айналдырмақ.

 

07.03.13

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар Социалистік Еңбек Ерімен кездесу