Келелі кездесу
- Подробности
- Опубликовано: 21 октября 2013
Студенттер арасында діни экстремизмнің лаңкестіктің, бүлдіргіш ағымдардың алдын алу, сонымен қатар құқықтық сауаттылыққа оқыту, жастар арасында қылмыстың және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 21 қазан күні институтымызда студенттерге арналған дәріс өтті. Оған облыстық дін істері департаментінің өкілдері келіп, теріс ағымға қалай еріп кетпеу керек екенін түсіндіріп жан-жақты ақпарат берді. Дәріске негізінен бірінші курс студенттері жиналды. Кешегі мектеп оқушысы, бүгін студент атанған жасқа, үлкен өмірге аяқ басқанда бұрыс жолға түсіп кетпеуіне осындай келелі жиындарды берері мол.