Наурыз мейрамы

19.03.2014Наурыз мейрамы – Қазақстандағы көктемгі жаңару мерекесі болып табылады. Шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз жыл басы болып есептеліп, күн мен түннің теңесуіне сәйкес келеді. Қазақ халқы үшін бұл мереке көктемгі жаңару, махаббат, достық нышаны тәріздес. Наурыз мейрамын дүркіретіп тойлау әр үйге береке мен молшылық әкеледі деп есептеледі. Келер жыл берекелі, құтты жыл болсын деген ізгі ниетпен бұл күндері көптеген ұлттық тағамдар әзірленген. Адамдар мерекелік киімдер киіп, бір-біріне қонаққа барып, келер жылға тілектер тілеген.

2019 жылдың 19 наурызында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Наурыз мейрамына арналған салтанатты іс-шара өтті.
ҚМПИ ректоры, профессор Қ. Баймырзаев жиналған қауымды мерекемен құттықтап, институттың үздік оқытушыларын алғыс хаттармен марапаттады.
Кеш көңілді өтті. Ән айтылып, би биленді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз