«Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
- Подробности
- Опубликовано: 22 января 2014
2014 жылдың 22 қаңтарында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының қабырғасында Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауы жайлы кездесу өтті. «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» стратегиясы тәуелсіз қазақ елінде ұлтты ұйыстырып, елімізді экономикасы дамыған әлем елдерінің алдыңғы қатарына жеткізетін маңызды құжат болып табылады. Болашаққа бағдарлы бағытпен жол алған тәуелсіз қазақ елі мәңгілік ел болмақ.
Кездесу барысында халықты рухтандырып, алға қойған мақсаттарға жетелейтін осы жолдаудың мән-мазмұны талқыланып, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы туралы көптеген пікірлер айтылды. Институтымыздың ректоры, профессор Баймырзаев Қуат Маратұлы өз сөзінде: «Алдағы мақсатымыз - «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» стратегиясы аясында ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу болып табылады» ,- деді.