Атақты қонақтар

24.04.20142014 жылдың 24 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «Дене шынықтыру, спорт және туризм» факультетінің бұрынғы түлектері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері, 2013 жылғы конькиден 1000 метр қашықтықта Әлем чемпионы, 2014 жылғы Сочидегі Олимпиада ойындарының қатысушысы Денис Кузин және коньки тебу спортынан Қазақстан Республикасының халықаралық кластағы спорт шебері, атақты спортшы Алексей Жигинмен кездесу өтті.
Кездесу өте қызу өтті. 1 сағат бойы қонақтар студенттердің қойған сан түрлі сұрақтарына қызығушылықпен жауап берді.
Кездесу соңында институт әкімшілігі белгілі спортшыларға бағалы сыйлықтар мен гүлдерді табыс етіп, ескерткішке суретке де түсті.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз