Ақынмен кездесу

p>Айтулы мереке Тұңғыш Президент күніне қатысты мерекелік іс шаралар осы аптада көп болды. Солардың ішінде ауыз толтырып айтарлығы студенттердің жерлес ақын ағамыз, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Ақылбек Шаяхметовпен кездесуі.
2013 жылдың 28 қарашасы күні институтымыздың акт залында өткен жыр кеші өте көңілді өтті. Кездесуде Ақылбек Қожаұлы өзінің қиында қызықты шығармашылық жолы туралы жастармен ашық әңгіме өрбітті. Студенттер өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды. Кештің шарықтау шыңы ақын ағамыздың сөзіне жазылған, көпшілік сүйіп тыңдайтын «Әдемі» әнін шырқап, Қазақстан эстрада жұлдызы Заттыбек Көпбосынұлының сахына төріне шыққан кезі болды. Әрине, Ақылбек аға Заттыбекке өте қатты ризашылығын білдіріп, өзінің соңғы шыққан жинақтарын сыйға тартты. Заттыбекте «Әдемі» секілді әдемі әнді дүниеге әкелген Ақылбек ағаға қаламының ұшының әр қашанда ұшқырлығын тілеп, бұдан әрі де шығармашылық бірлестікте жұмыс істеуге шақырды. Қос бірдей өнер тарландарын сахына төрінде қауыштырған келелі кездесу осылайша ән мен жырға толы болды.
Кездесу соңында студенттер ақын ағамен эстрада жұлдызынан қолтаңбалар алып, естелік суреттерге түстіп тарқасты.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз