Гала-концерт

12.12.13Сірә, бұл күнді әрбір студент, факультет ұжымы тағатсыздана күткен болар?! Себебі, бұл - екі күнге созылған өнерлі дүбірдің нәтижесін, жеңімпаз есімімен құлағдар болатын күн. Бүгін біз сол салтанаттың куәсі болып қайттық. Сахна төріне институт ректоры Баймырзаев Қуат Маратұлы шығысымен-ақ, қатысушы талапкерлеріміз демдерін іштеріне тартып, жеңімпаз топты естігенше асық болды. Қара қылды қақ жарған төрешілеріміздің шешімі бойынша, ең жоғарғы орында дене шынықтыру, спорт және туризм факультеттерінің студенттері тұр. Педагогика және психология тобындағылар өздерінің әуезді әндерімен, ырғақты билерімен қазылардың оң пікіріне ие болып екінші орын иегерлері атанды. Қазақ және орыс филологисы факультетінің студенттері де, өздерінің еңбекқорлығының арқасында үшінші орынға орнықты.

Салтанатты кеш білікті педагогтар мен талапты студенттерге алғыс жариялап,бағалы силықтар тапсырумен жалғасты.
Қапиятов Талғат, Хамитбеков Жәнібек, Гарифоллина Гулжайна, Төлеш Мағзұм, Садық Әйгерім сынды институт мақтаныштарына қарап бізде осындай болсақ деген бойымызды қызығушылық сезімі биледі.
Әрі қарайғы мерекелік думан институт өнерпаздарының концерттік қойылымымен өрілді. Өнерпаз студенттердің қоңыр дауыстағы әнімен сусындап, мың бұралған билерін тамашалап, күмбірлеген күйлеріне қанық болып бір марқайып қалдық.
Осылайша сессия деп жанталасып жүргенде бір сәтке оқуды ұмытып демалып қайттық!!!
Қарлығаш Қарабасова, БО тілшісі

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз