Халық шығармашылығы жарысы

11.12.1316-желтоқсан Қазақ халқы үшін ерекше күн. Себебі бұл күн қаншама боздақтарымыздың жанын қиып тәуелсіздік әкелген күні. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 22 жыл толуына орай 9-10 желтоқсан күндері Институтымызда мерекелік іс шара болып өтті. Екі күнге созылған мерекеде барлық студенттеріміз бір кісідей ат салысып, өз өнерлерін ортаға салды. Институт құрамындағы 6 факультет өнердің әр саласынан бақ сынасып, факультет намысын қолдан бермеуге тырысты. Сайыс шарты бойынша қатысушы талапкерлер көркем сөз оқып, қоңыр дауыста ән салып, қазақтың қара домбырасымен күй шертіп, мың бұралған бишілеріміз өнерлерін көрсетуі тиіс болатын. Барлық факультеттер де дайындықтарыны жоғары деңгейде екенін көрсете білді.

Мәселен, сайыс шымылдырығын ең алғаш болып ашқан жаратылыстану математика бағытында оқитын студенттер ерекше дайындықпен келіп көрерменнің зор ықыласына бөлене білді. Осыдан кейінгі жарысты Педагогика және Психология факультеті жалғастырып, өнерлерін ортаға салып, басқа факультеттерден ерекшелігін көрсетті. Ал, осы күнгі тартысты қорытындылау шетел тілдер факультетіне берілді. Бұл топтағы студенттер әсем әндерімен, мың бұралған билерімен көрернменнің назарына ілінді.
10-желтоқсан күні болатын жарысты Қазақ және Орыс филолгия факультеті бастады. Бұл факультет табиғи жанрдағы «Аққу» биімен дараланып, домбыраның сазды дауысымен көрермен қауымның жүрегіне жол тапты. Тарих және өнер факультетінің студенттері де қалысып қалмады. Біз тарихшылармен тәуелсіздік құрбандарын еске алып, тарих беттерін ақтардық. Сонау желтоқсан құрбандарын еске алдық. Екі күнге созылған қызу тартысты қорытындылау кезеңі спорт және туризм факультеттерінің жалынды студенттеріне берілді. Спортшылар бастаған студенттер көңілді қойылымдарымен, сазды, құлақтың құрышын қандырар әсем әуендерәмен дараланып, көрермен ықыласына бөленді. Думанның ең басты қызықты да, қиын кезеңі қара қылды қақ жарған қазылардың шешімін тыңдау болды. Алайда, жарыс жеңімпазы желтоқсан айының 12 жұлдызында жалпы концерттік бағдарламада жарияланбақ.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар Халық шығармашылығы жарысы