Ы.Алтынсарин мұражайында өткен тағылымы мол көрме

25.12.13Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы мемориалдық мұражайда өлкемізден шыққан тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әмір Қанапиннің туғанына 100 жыл толуына орай «Дарынды дала перзенті» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрмеге ғалымның өмірінің жарқын сәттерінен сыр шертетін фото-суреттері, диплом-грамоталары, қолданған заттары және мәдениет саласына арналған ғылыми еңбектері қойылған.
Көрмеге қаламыздағы мектеп оқушылары, ЖОО-нан тарихшы оқытушылар, журналистер қатысты. Алғашқы кіріспе сөзді мұражай директоры, белгілі ақын Н.Мұқатов сөйледі. Одан әрі студенттік кезден ғалым туралы көп зерттеп, өзінің диплом жұмысын жазған Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы, тарих магистрі Н.Елкей Әмір Қанапиннің өмірі мен ғылыми мұрасы, қоғамдық қызметі жөнінде баяндады.

Белгілі журналист Оразалы Жақсан, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Ө.И. Исенов ғалым туралы өз ойларын ортаға салды.
Көрме қонақтар үшін маңызды болғаны сондай, ғалым туралы көп мағлұматтар алып, көрмеден соң естелік фото-суретке түсті.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар Ы.Алтынсарин мұражайында өткен тағылымы мол көрме