«Күле білу-өмір, күлдіре білу-өнер»

05.02.142014 жылдың 5 ақпаныңда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында РЖҚБ «Қазақстан КВН одағының», «Қостанай КВН» филиалы жайдарманшыларға арнап семинар-тренинг өткізді. Негізгі мақсат - Қостанай облысындағы мемлекеттік тілдежайдарман ойындарын дамыту. Жалпы, болашақ жайдарманшыларға шындықты шынайы әзілмен жеткізе білетін «Жайдарман» туралы түсінік беріліп, сайыс түрлері мен әзілді қалай жазу керектігі жайынды сөз болды. Және де, ақпан айының 15 жұлдызында өтетін кезекті «Маусымашар 2014» туралы да айтылды. Сонымен қатар, Қостанай қаласының тәжірибелі ойыншылары да келіп, өздерінің толыққанды түсініктері мен дәйекті дәлелдерін ортаға салды. «Күле білу-өмір, күлдіре білу-өнер» - демекші астықты алқаптан шыққан бұл командалардың шығар шынары шексіз. Жаны жомарт жайсаң жандар алдағы уақытта көрермендерін ыстық ықыласқа бөлейді деген үмітпенталабы мен талғамы биік ойыншыларға сәттілік тілеп қаламыз.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар «Күле білу-өмір, күлдіре білу-өнер»