ҚМПИ Студенттер үйінде өткізілген дойбы ойынынан жарыс
- Подробности
- Опубликовано: 23 февраля 2016
2016 жылғы 23 ақпанда аға оқытушы К.К.Абильмаликов пен ҚМПИ шахмат клубы Студенттер үйінде тұрып жатқан студенттер арасында дойбыдан жарыс ұйымдастырды. Дойбы ойыны әлемдегі кең таралған зияткерлік (интеллектуалдық) ойындардың бірі саналады. Бұл ежелгі ойын студенттердің көбінің қызығушылығын тудырды. Жарыс айналма жүйе бойынша өткізіліп, қатысушыларға дойбыны барлық ойыншылармен ойнауына мүмкіндік туды. Қыздар жасөспірімдерден бөлек ойнағандықтан, 6 жүлделі орын мен грамоталар тапсырылды.
Қыздар лигасында 1 орынды Айжан Тулепбергенова, 2 орынды Арай Шекімбаева, 3 орынды Нурсулу Жаксылыкова иеленді. Ерлер лигасында 1 орын Ермек Абдрашевқа, 2 орын Дамирлан Демисеновке және 3 орын Мұрат Альмагамбетовтің қанжығасына бұйырды. Жеңімпаздарды құттықтап, жаңа жеңістер тілейміз!