Имаммен кездесу

11.04.16

2016 жылдың 11 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының мәжіліс залында Қазақ мұсылмандары Діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкіл имамы, «Марал Ишан» облыстық мешітінің бас имамы Тажімбет Бақытбек қажы Нұрғабылұлының институт студенттерімен кездесуі өтті. Сонымен қатар бұл іс-шарада Қостанай облыстық әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының қызметкерлері де болды. «Ислам және зайырлы қоғам» атты кездесу студенттерге Ислам діні туралы және зайырлы деген сөздердің ұғымдарын түсіндіру мақсатында өткізілді. Кездесу барысында студенттер өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, бас имамнан сол сұрақтарға толық жауаптар алып, алғыстарын білдірді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз