«Бірлігіміз жарасқан» фестивалі
- Подробности
- Опубликовано: 13 апреля 2016
2016 жылғы 13 сәуірде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында Қазақстан халқының бірлігі күні – достық, татулық және келісім мерекесіне орай «Бірлігіміз жарасқан» факультетаралық фестивалі өтті. Әр факультет республикамызда тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдерінің, мысалы, дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті татар-башқұрт халқын, шетел тілдері факультеті неміс халқын, тарих және өнер факультеті орыс халқын, қазақ және орыс филологиясы факультеті украин халқын, жаратылыстану-математика факультеті шешен халқын, психология-педагогика факультеті армян халықтарының билерін билеп, мәдени дәстүрлерін көрсетті. Әр халық өзінше ерекше, дегенмен, бәріміз – бір елміз, бір халықпыз. Фестиваль соңында әділ қазылар мүшелері қатысушы-факультеттерге грамоталар тапсырды.
Фотогалерея