«Екі жұлдыз 2016»

2016 жылғы 27 сәуірде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында институт оқытушылары мен студенттері арасында «Екі жұлдыз» ән байқауы өтті. Байқауға 9 дуэт қатысып, қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдерінде ән шырқады. Әр жұп байқауға дайындалу кезіндегі қызықты сәттері бейнеленген бейнеролик әзірледі.

Байқау қорытындысы бойынша қатысушыларға дипломдар мен сыйлықтар тапсырылды. «Букет из белых роз» әні үшін «Көрермендер көзайымы» сыйлығы жатақхана меңгерушісі Гульнар Шохановна Ахонова мен «Музыкалық білім» мамандығының 1 курс студенті Бекзат Жалғасқа тапсырылды. Тілдер дайындығы оқу-тәрбие орталығының оқытушысы Ғалия Сүлейменова мен «Музыкалық білім» мамандығының 1 курс студенті Бейбарыс Тойшан «Ең әртіс жұп» номинациясының жүлдегері атанды. «Ең үздік музыкалық образ» номинациясы психология-педагогика факультетінің оқытушысы Ақбидаш Абдиркенова мен «Музыкалық білім» мамандығының 2 курс студенті Мағжан Қуанышбаевқа берілді. «Ең музыкалық жұп» номинациясында Ақпараттық кітапхана орталығының директоры Инна Ивановна Нечипоренко және «Музыкалық білім» мамандығының 3 курс студенті Илья Алябаев марапатталды. Жаратылыстану-математика факультетінің аға оқытушысы Алмагүл Косжанова және облыстық филармония әншісі Азамат Мұқатов «Үздік вокалдық орындау» номинациясының жүлдегері атанды.

Тарих және өнер факультетінің оқытушысы Мейрамгуль Ордашева және «Музыкалық білім» мамандығының 4 курс студенті Айнұр Даукенова «Ең лирикалық жұп» атанды. «Үздік би жұбы» номинациясын шетел тілдері факультеті деканының орынбасары Ақмарал Умарова мен «Шетел тілі: 2 шетел тілі» мамандығының 1 курс студенті Анель Рахимова иеленді. «Ең жарасымды жұп» номинациясы бойынша жаратылыстану-математика факультетінің оқытушысы Алибек Жигитов және «Музыкалық білім» мамандығының 3 курс студенті Ансат Нурпейсов марапатталды. Ал дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің аға оқытушысы Алексей Самойлов пен «Музыкалық білім» мамандығының 3 курс студенті Мадина Байдукенова «ҚМПИ Екі жұлдызы» байқауының жеңімпаздары атанды.

Сайыстың бейне нұсқасын YouTube бейнеканалынансілтеме бойынша көре аласыздар.

Фотогалерея

2-star-20162-star-20162-star-20162-star-20162-star-20162-star-20162-star-20162-star-20162-star-20162-star-20162-star-20162-star-20162-star-20162-star-20162-star-20162-star-20162-star-20162-star-20162-star-20162-star-20162-star-20162-star-20162-star-20162-star-20162-star-20162-star-20162-star-20162-star-20162-star-20162-star-20162-star-20162-star-20162-star-20162-star-20162-star-2016

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз