Ректор кубогі үшін жайдарман орыс лигасының финалы

2016.04.22

2016 жылғы 22 сәуірде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында факультеттер арасында Ректор кубогі үшін Жайдарман орыс лигасының финалдық ойыны өтті. Ақтық мәреге психология-педагогика факультеті, жаратылыстану-математика факультеті, шетел тілдері факультеті, қазақ және орыс филологиясы факультеті шықты. Ойын 3 кезеңнен тұрды: «Визитка», «Разминка» және «Фристайл» (үй тапсырмасы). 1 кезеңде шетел тілдері мен қазақ және орыс филологиясы факультеттері ұпай санын көбірек жинаса, 2 кезеңде жаратылыстану-математика факультеті алға шықты. «Фристайл» кезеңінде шетел тілдері мен қазақ және орыс филологиясы факультеттері ерекше ойындарымен көзге түсті.

Ойын соңында командаларға «Додо Пицца» пиццериясынан тегін пицца алу сертификаты тапсырылды. Ойын қорытындысы бойынша шетел тілдері факультеті 1 орын, қазақ және орыс филологиясы факультеті 2 орын, жаратылыстану-математика факультеті 3 орынға ие болды. Сонымен қатар «Үздік актер» номинациясында Табиғат Танатканов мен Итикеева Наргиз марапатталды.

КВН бейне нұсқасын YouTube бейнеканалынан сілтеме бойынша көре аласыздар.

Фотогалерея

2016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.222016.04.22

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар Ректор кубогі үшін жайдарман орыс лигасының финалы