«Студенттерді қабылдау – 2017»

2017 жылдың 24 қазан айында Қостанай мемелекеттік педагогикалық институтының акт залында «Студенттерді қабылдау – 2017» іс-шарасы аталып өтті. Салтанатты ашылудан кейін құттықтау сөзімен академиялық жұмыстар мен әлеуметтік мәселелер проректоры Мусабекова Г.А. ортаға шықты. Ол 1 курс студенттері, «Алтын белгі» иегерлері Зюбан Вячеслав пен Едрес Тоғжанға студенттік билетті табыстады. Іс-шара әрі қарай мерекелік концертпен өз жалғасын тапты.

Концерттің басын Джоан Роулингтің «Гарри Поттер» романындағы ертегі кейіпкер Дамблдор бастады. Ол өз қалпағын киіп шығып, залдан бес студентті таңдап, олардың қабілеттері мен дарынын анықтап, ҚМПИ-дің бес факультетіне оқуға бағыттады. Бұл көрініс студенттердің осы мерекеге дайындығы кезінде түсірілген видероликпен жалғасты.

Ұйымдастырушылардың сценарийі бойынша студенттер өз өнерлері арқылы факультеттердің бағыты мен таңдап алынған мамандықтарының ерекшелігін көрсету керек болатын. Қызықты спорттық көріністерімен ортада спорт және туризм факультеті өнер көрсетті. Психология және педагогика факультеті өз факультетінің шығармашылық бағытын ән арқылы жеткізсе, филология факультеті студенттері қазақ, ағылшын, француз тілдерін меңгергендігін көрсетті. Іс-шарада «Музыкалық білім» мамандығының 1 курс студенттері Нурдуллаева Мақпал, Жазықпаев Бекболат, Садақбаев Фараби ерекше әнімен есте қалды. Концерттің соңы салқын фонтан астында Жалғас Бекзат, Балабаев Ардан, Тойшан Бейбарыс орындаған патриоттық «Мәңгілік ел» әнімен аяқталды.

Ұйымдастырушылар бір айдан артық уақыт дайындалған осы көптен күткен керемет шоуды тамашалауға келген зал лық толы болды. «ҚМПИ студенттерін қабылдау 2017» көрермендер жүрегінде ерекше орын алып, ұзақ уақытқа өшпес естеліктер қалдырды.

Жылдан жылға біздің еліміз даму үстінде. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты шетте қалмай, ел болашағы жастар әлеуетінің дамуына өз үлесін қосып жатыр. Біздің студенттер әр түрлі интеллектуалдық олимпиадаларда жүлделі орын алып, халықаралық жарыстар мен конкурстардың жеңімпаздары болып келеді. Біздің бірінші курс студенттерін осы іс-шарамен шын жүректен құттықтап, болашақтарына сәттілік, табыс пен жеңіс тілейміз!

Посвящение в студенты 2017

Посвящение в студенты 2017

Посвящение в студенты 2017

Посвящение в студенты 2017

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар «Студенттерді қабылдау – 2017»