Өрттен жапа шеккен Путининдер отбасына көмек
- Подробности
- Опубликовано: 03 ноября 2017
2017 жылдың 3 қарашасында ҚМПИ әкімшілігі мен студенттерінің бастамасы бойынша Заречный ауылы, Наметова көш. 7 үй мекен-жайында тұратын Путининдер отбасына көмек көрсетілген болатын. «Тарих» мамандығы бойынша 2 курс студенттері» Бимендин Талғат, Сыбан Аян, Асанов Бекарыс, Ислам Ардабек, Мұсақов Дархан, Арғымбаев Темирлан, «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша Матығұлов Дәуіржан, Жаманбай Төлеген, Оралбек Ерлан, Әлеуметтік-тәрбие жұмыстары басқармасының студенттер мен жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің маманы Есіханов Қ.Д. бірге өрттен зардап шеккен Путининдер отбасының пәтерін жинап, қалпына келтіруге көмектесті. Шаруашылық департаментінің басшысы Даулетпаев Б.Т. бастаған бригада өртенген есік, терезелерді бұзып, пәтер ішін жанып кеткен заттардан тазартты.