Қостанай қаласының жастар форумы
- Подробности
- Опубликовано: 27 октября 2017
Студенттік өмір – күнделікті жаңалықтарды ашу, жаңа білім алу, кәсіби қалыптасу, өмірлік көзқарасты нығайту кезеңі. Студенттік кезең – бұл тек оқу ғана емес, сондай-ақ өзіңді институттың өнер, спорт және қоғамдық өмірі жағынан көрсете алатын көптеген қызықты оқиғалар кезеңі. ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рұхани жаңғыру» мақаласында жастар мен жастар ұйымының белсенділігі тақырыбы көп қозғалған.
2017 жылдың 28 қазанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Қостанай облысының жастар Форумы өтті. Форумды Қостанай облысының жастар және балалар ұйымдары Ассоциациясы мен Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері бойынша басқармасы бірігіп ұйымдастырды. Іс-шара шеңберінде әр жоғарғы оқу орыны өз өнерлерін көрсеткен диалог алаңы, концерт өтті. Форум жұмысына АрМПИ, РИИ, М.Дулатов атындағы ҚИнЭУ, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ және біздің институт студенттері қатысты.
Фото: Канашкин Евгений