Педуниверситетте ең сұлу студент қызды таңдады

Сұлулығы мен ақылы ұштасқан қазақ қыздарының байқауы - "ҚМПИ аруы" өз мәресіне жетіп, оқу орнымыздың ең сұлу да талантты ару қызы анықталды.

Байқауға институттың ақылына көркі сай 10 бойжеткені қатысқан болатын.

Үстіміздегі жылда біз «ҚМПИ аруы» байқауын өткізген болатынбыз, осы жылы шырайлы жүзіне шуақ тұнған қазақ қызының ғасырдан ғасырға жеткен қадірлі, кәусар болмысын дәріптеу мақсатында, «ҚМПИ аруы» байқауын ұйымдастыруды жөн көрдік,- деп атап өтті, байқаудың ұйымдастырушысы Жалғасбек Шокенов. Байқаудың басты талаптарына: қазақ тілін, ғасырдан ғасырға ұласып келе жатқан салт – дәстүр, әдет – ғұрыптарын жетік білу, сонымен қатар, ұзын шашты және бойы 165 см-ден кем болмауы кірді.

Байқауға аруларымыз бір ай көлемінде тыным таппай дайындалды – дефиле сабақтарын алып, бет әрлеуден мастер класстарға барып, спорттық дайындықтарға, облыстық өлкетану мұражайына, қазақ драма театрына барды. Қазақы нақыштағы киімдермен фотосессиясы өтті.

Байқау бірнеше кезеңнен тұрды – өзін-өзі таныстыру, ұлттық киімдер дефилесі, Қазақстан тарихы, қазақ салт-дәстүрлерінен құралған интеллектуалды сайыс және ән айтып, би билеп, монолог оқып, музыкалық аспаптарда ойнап, өз өнерлерін көрсеткен шығармашылық кезеңі.

Байқау соңында қара қылды қақ жарған , әділ төрелігімен қазылар алқасы «ҚМПИ АРУЫ» мәртебесіне болашақ бастауыш сынып мұғалімі, 3 курс студенті Балтабаева Гүлнұрды лайық деп тапты. 1 – орынды «Музыкалық білім» мамандығының 3-курс студенті Ықласова Ақбота, ал 2 – орынды «Дефектология» мамандығының 2-курс студенті Искакова Альмира иеленді.

Аруларымыз бен көрермендер үшін танымал қазақстандық әнші Айқынның келуі күтпеген тосын сый болды. Өз кезегінде ол аруларымызға сәттілік тілеп, өз тамсанысын алғыспен жеткізді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ендігі кезекте Гүлнұр Балтабаева алдағы кең ауқымды сайыс – облыстық «Студенттік көктем» фестивалінде болатын ең сұлу студент қыздар арасында өтетін сұлулық байқауында оқу ордамыздың намысын қорғайтын болады.

http://kostanay.kipyat.com/ru/photos/show/1931

https://vk.com/album-34831596_254337243

Фотогалерея

Miss KSPI 2018

Miss KSPI 2018

Miss KSPI 2018

Miss KSPI 2018

Miss KSPI 2018

Miss KSPI 2018

Miss KSPI 2018

Miss KSPI 2018

Miss KSPI 2018

Miss KSPI 2018

Miss KSPI 2018

Miss KSPI 2018

Miss KSPI 2018

Miss KSPI 2018

Miss KSPI 2018

Miss KSPI 2018

Miss KSPI 2018

Miss KSPI 2018

Miss KSPI 2018

Miss KSPI 2018

Miss KSPI 2018

Miss KSPI 2018

Miss KSPI 2018

Miss KSPI 2018

Miss KSPI 2018

Miss KSPI 2018

Miss KSPI 2018

Miss KSPI 2018

Miss KSPI 2018

Miss KSPI 2018

Miss KSPI 2018

Miss KSPI 2018

Miss KSPI 2018

Miss KSPI 2018

Miss KSPI 2018

Miss KSPI 2018

Miss KSPI 2018

Miss KSPI 2018

Miss KSPI 2018

Miss KSPI 2018

Miss KSPI 2018

Miss KSPI 2018

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар Педуниверситетте ең сұлу студент қызды таңдады