Діну сауаттылық тақырыбында кездесу
- Подробности
- Опубликовано: 24 апреля 2018
2018 жылдың 24 сәуірі күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің конференц-залында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілдігі, Аймағамбет қажы Спанұлы мешітінің найм имамы Балахмет Әлішер Ертайұлы, Қостанай облысы әкімдігі, Жастар саясаты жөніндегі басқарманың, жастар бөлімінің бас маманы Индира Дәулетханқызы және А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ Жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Болат Қалиев пен университет студенттері арасында «Діни сауаттылық» тақырыбында кездесу өтті. Исламдағы білім алу маңыздығы және қасиетті Ораза айы жақындап қалғанына байланысты және келесі сұрақтарға:
- білім – азамат баласының қоршаған ортаны тануға, білуге, меңгеруге деген ұмтылысы?
- Білімге ұмтылу дегеніміз не?
- Мұсылмандардың бірлігіне кедергі болатын жайттар? Жауаптар беріліп, басқа діни бағыттардың алдын алу мәселелері талқыланды.
Студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.