Ұлы Жеңіс Күні!
- Подробности
- Опубликовано: 05 мая 2018
Ұлы Жеңіс күні қарсаңында 2018 жылғы 5 мамыр күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, облыстық маслихат депутаты, профессор Әбіл Еркін Аманжолұлы Ұлы Отан соғысының ардагерлері Василий Степанович Крячко мен Иван Михайлович Любинскийді келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтады. Құттықтау сөзінде, ректор адам жан дүниесінің ең басты байлығы - ата-бабалардың ерлігінің жадымызды мәңгі сақталуда екендігін атап өтті.
Қазіргі тыныш біздің, бейбіт заманымыз жылдыр бойы ата-бабаларымыздың қаны-тері және баға жетпес еңбегінің арқасында келді. Ұлы Отан соғысы біздің ел тарихына өшпес із қалдырды. Міне, 73 жыл бойы, біз әр жыл сайын осы Ұлы мамыр мерекесін тойлап келеміз. Жеңіс күні - ел үшін жанын пида еткен соғыс ардагерлерін еске алатын ерекше мереке.