Бірінші курс студенттерімен танысу

14 қыркүйек күні ҚМПУ акт залында 1 курс студенттері мен университеттің белсенді студенттері арасында танысу мақсатында кездесу өтті. Кездесу универститетіміздің өнерлі жастары ұйымдастырған концерттік бағдарламамен басталды. Университетіміздің үш титулы, сұлулық байқауларының жеңімпаздары, вокалдық сайыстардың жеңімпаздары, біздің мақтаныштарымыз өз өнерлерін көрсеткеннен соң, сахнаға Әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі басқарма басшысы Жүсіпов Абай Жангелдіұлы, Студенттер мен Жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімі басшысы Есімханов Қуаныш, Студенттер мәдениет үйі басшысы Шөкенов Жалғасбек шығып, Басқарманың негізгі жұмысы, Университет қабырғасындағы студенттік ұйымдардың мақсаттары, үйірмелер жайлы толық ақпарат берді. «Парасат» дебат клубы, ҚМПУ Студенттер Альянсы, «Жас Отан» ЖҚ, Жайдарман, «Жастар медиа» пресс орталығы мен үйірмелер жетекшілері ортаға шығып сөз сөйледі.

Кездесу соңында студенттер өздері қалаған үйірмелер мен ЖОО студенттік ұйымдарына тіркелді.

-

-

-

-

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар Бірінші курс студенттерімен танысу