Денсаулық күніне орай өткен іс-шара
- Подробности
- Опубликовано: 22 сентября 2018
2018 жылдың 22 қыркүйек күні Денсаулық күніне орай Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде спорт ойындары өтті. Спорт мерекесін құттықтау сөздерімен Дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің деканы Кифик Наталья Юрьевна, Әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі басқарма басшысы Жүсіпов Абай Жангелдіұлы бастап берді. 1 курс студенті Салима Башиева спортшыларға керемет әнін тарту еткен соң, Жарыс регламентін Дене шынықтыру орталығының оқу-тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Төлегенов Аманжол Бақытжанұлы таныстырып кетті.
Волейбол, футбол, жеңіл атлетика, арқан тартыс, дартс ойындары өткен бұл сайыста жыл сайын өткізілетін ұлттық ойынымыз асық ату да шет қалмады.
Жарыс соңында жеңімпаз спортшылар мен командалар марапатталды.