Білім күніне орай өткен мерекелік іс-шара
- Подробности
- Опубликовано: 01 сентября 2018
2018 жылдың 1 қыркүйек күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық университет алаңында білім күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиын басында кешегі мектеп түлектері, бүгінгі студент жастарды осы бір керемет кезеңнің басталуымен Университет ректоры, профессор Әбіл Еркін Аманжолұлы құттықтап, студенттерге сәттілік тіледі. Бұл күн 79 жылдық тарихы бар біздің университет табалдырығын алғаш аттағалы жатқан 1 курс студенттері үшін өткенге деген сағыныш пен болашаққа деген үміттің мерекесі.
Салтанатты жиын барысында Х-фактор телевизиялық жобасының қатысушысы, біздің университет студенті Жазыкбаев Бекболат, Макпал Нурдоллаева сынды студенттеріміз өнерлерін ортаға салды. Мерекелік іс-шара соңы 1 курс студенттерінің өз бөлімдерінде факультет декандары мен жетекшілерімен кездесумен аяқталды.