«Екі жұлдыз» вокал байқауы

2019 жылдың қазан айының 15-ші жұлдызында Сұлтанғазин университеті акт залында, Қырандай қалықтап, әсем әнмен шарықтап, өнерліні жағалап, талай таланттың жұлдызын жаққан «Екі жұлдыз» ән байқауы өтті. Университет қызметкері, ұстаз бен студент жұп болып бақ сынаған айтулы ән байқауы 17 ші қараша - Халықаралық студенттер күніне арналған болатын. Университетіміздің академиялық жұмыс және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Мусабекова Гульвира Айдарханқызы «Халықаралық студенттер күнімен» барлық білімгерлерді құттықтап, байқау қатысушыларына сәттілік тіледі.

Университет қызметкері және студент. 1 ән, сахналық образ, қаншама уақыт дайындық. Ауқымды музыкалық сайыс өз жұлдызын жағып, жаңа есімдер ашты. Өнерлерін ортаға салған ұстаздар мен студенттер:

  1. Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің аға оқытушысы Амирхамзин Наурызбай Қасенғалиұлы және осы факультеттің 1 курс студенті Қазбекова Махаббат.
  2. Ақпараттық кітапхана орталығының кітапханашысы Нечипоренко Инна Ивановна және Дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің 1 курс студенті Өзбекбаев Нұрсұлтан.
  3. Жаратылыстану-математика факультетінің декан орынбасары Тәуекелов Шыңғыс Айдарғазыұлы және Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің 1 курс студенті Карима Рекенова.
  4. Дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің декан орынбасары Шкваренко Никита Сергеевич пен факультеттің 1 курс студенті Жұмағұлова Алена.
  5. Ғылым басқармасының маманы Жиенбаева Аида Аманжолқызы және Психология және педагогика факультетінің 2 курс студенті Әубакирова Анель.
  6. Психология және педагогикалық факультетінің ұстазы Әбдіркенова Ақбидаш Капанқызы және Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің 1 курс студенті Ерасыл Рашидұлы.
  7. Филология Департаментінің ұстазы Иванова Елена Сергеевна және 2 курс студенті Каримова Диана
  8. Шаруашылық департамент басшысы Даулетбаев Балға Тобылұлы және Филология Департаментінің 2 курс студенті Туребаева Акмарал.

Қала мен облысқа танымал әншілер мен қазылық еткен байқауда әр жұп өзіндік ерекше шоу көрсетіп, түрлі жанрда ән шырқады. Қатысушы ұстаздар мен студенттердің дайындығы жоғары дәрежеде. Жиылған көрермен әр әнді, әнші образын сезініп, дене түршігерліктей әсер алып қайтты.

Әділ-қазылардың шешімі бойынша 3-ші орын Ақбидаш Капанқызы мен Ерасыл Рашидұлына берілді. Ал 2-ші орын Никита Сергеевич пен Жұмағұлова Аленаға бұйырса, бас жүлде, «Екі жұлдыз» атағын Балға Тобылұлы мен Туребаева Акмарал иеленді. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, бағалы сыйлықтар берілді.

15 11 19 zv2

15 11 19 zv4

15 11 19 zv3

Все фото:https://www.facebook.com/pg/kspi.kz/photos/?tab=album&album_id=2809417009078374

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар «Екі жұлдыз» вокал байқауы