«Караоке кеші»

Сұлтанғазин университетінің жатақхана студенттеріне 19 қараша күні өткен «Караоке кеші» керемет көңіл күй сыйлады. Ән сайысында жатақхана тұрғындарынан құралған 5 топ өнерін ортаға салды. Құрамы 5 студенттен тұратын «Король и Шут», «Passion», «Элита», «Студенттік Парламент» және «ДеФФченки» топтары 4 кезеңде бақ сынады. 1-ші кезең: қатысушылар караоке айтып отырып берілген тапсырманы орындау, 2-ші кезең «Құлаққап караоке», яғни қатысушылар құлаққап киіп, сол әнды жанды дауыста орындау, 3-ші кезең топтық сайыс, 4-ші «Әуенді тап» кезеңінде қатысушылар жасырылған ән мен әншіні табу керек болды.

Қазылар алқасының шешімі бойынша 3 орын «ДеФФченки», 2 орынды «Король и Шут», 1 орын «Passion» тобына бұйырды. Барлығына Мадақтама қағаздары беріліп, жеңімпаз топқа тәтті торт табысталды. «Караоке кеші» бимен жалғасын тапты.

19 11 2019 2k

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз